Мәдениет – ұлт мәйегі

Аймақта бұқараға жалпы ұзын саны 571 мәдениет ошағы қызмет көрсетсе, төрт театр мыңдаған көрерменге сан алуан қойылым ұсынып келеді. Оның ішінде, екі драма, бір балалар және бір музыкалық театр бар. Ал, өткен жартыжылдықта облыс театрлары 658 спектакль қойған. Оны тамашалауға келген көрермендер саны 13 756 адам екен. Оған қоса, осы уақыт ішінде 12 жаңа қойылым қойылыпты.​​​​​​ Бұл туралы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов мәлімдеді.

Осы жылдың 1 маусымында – Балаларды қорғау күніне орай С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театры қуыршақ спектаклін қойды.​​​ 2023 жылдың 1 маусымында К.Станиславский атындағы театр балалар мен жасөспірімдер драматургиясы алғашқы халықаралық «Көрін» байқауының қорытындысын шығарды. Барлық 50 қатысушы ішінен үш жеңімпаз анықталды.

– Маусым айында Академиялық музыкалық комедия театрында «Кукляндия» қуыршақ театрларының V ашық фестивалі өтті. Фестивальге Чехия, Армения, Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның  қуыр­шақ театрлары қатысты. Шымкент, Қос­танай, Қарағанды, Бішкек, Санкт-Петербург, Ереван, Прага қалаларынан жеті театр атынан тоғыз спектакль ұсынылды.​​​ Ал, мамыр айында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хоры және солистерінің қатысуымен Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің және джаз оркестрінің концерттік маусымдарының жабылуын да атап өттік, – деді Еркебұлан Қайроллаұлы.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, Қазақстанның мәдени саясатын іске асыру мақсатында облысымызда 246 мәдени-сауық мекемесі белсенді жұмыс істеуде. Мәдени-сауық кәсіпорындарында 1511 клубтық құрылым бар.

2021 жылдың мамыр айынан бастап, рес­публикада төрт жастан 18 жасқа дейінгі ба­лалар мен жасөспірімдерді мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жолымен үйір­мелермен қамту жобасы іске асырылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс арқылы 23 бағыт бойынша 4 363 баланы қамтитын 146 үйірме жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мәдениет мәйегіне айналған кітапхана жұмысы да ойдағыдай. Қарағанды облысының мемлекеттік кітап­ханалар желісінде 257 кітапхана бар. Оның ішіне 196 ауылдық кітапхана да кіреді. Қазір облысымыздың орталығында төрт облыстық кітапхана жұмыс істейді.

Ал, музей жұмысына келер болсақ, Қарағанды облысында 13 музей мен 4 музей филиалы бар. Биыл облыс музейлеріндегі экспонаттардың жалпы саны 303 022 бірлігін құраған. Негізгі қор – 229 282 дана.

Бүгінгі күні музейлерде балаларға ар­налған 21 үйірме жұмыс істейді. Олар – өл­кетану, археологиялық, қолөнер, шы­ғар­ма­шылық шеберханалар, қолданбалы қолөнер, этнографиялық, тарихи болып көп салаға бөлінеді.

Жан Амантай,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.