Мүдде – жергілікті бизнесті қолдау
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту қажет. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК тағы да еске салып, мемлекеттік орган дарға өнімдерді отандық тауар өндіру шілерден сатып алуды ұсынды. Аймақ басшысы онлайн форматта өңірдің бизнес және басқарма өкілдерімен кездесті. Кеңесте қарағандылық тауар өндірушілердің жоспарлары мен пробле малары талқыланды.
Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы бейін ді ведомствоның басшысы Нұрлан Әлімжанов егжей-тегжейлі айтып берді.
– Жұмыспен қамту жол кар тасы бойынша өңірде 19 жоба жоспарланған. Бағдарламаның басты шарттарының бірі – жергілікті қамту 90%-дан кем болмауы тиіс. Отандық тауар өндірушілерден құрылыс ма териалдары мен жабдықтарын сатып алуды қамтамасыз ету қажет, – деді спикер.
Сондай-ақ, Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, «Қарапайым заттар эконо микасы» тізбесіне осы жылдан бастап өнеркәсіптің сегіз саласы енгізілген. Целлюлоза-қағаз және фармацевтика саласының тауарлары жеке топқа бөлінген. Қазақстандық қамту үлесі бойынша келесі мақсаттар қойылды: жеңіл өнеркәсіп – 65,5%, жиһаз өн дірісі – 66,3%, құрылыс материалдары өндірісі – 67,1%, машина жасау – 20,3%, химия өнеркәсібі – 17%.
Өз кезегінде кәсіпкерлер мемле кеттік сатып алу саласындағы пробле малар туралы айтып берді.
– Тапсырыс беруші тарапы нан ұсынылатын өнімге сәйкестік сертификаттарының, СТ-КZ сертификаттарының болуына бақылау жоқ. Жеткізуші көрсеткен жабдықтар мен қызметкерлердің тізімі бақыланбайды. Осындай сәттерде тапсырыс берушілер қолайсыз жағдайда қалады. Ұйым басшыларына әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қалай қарау керектігін түсіндіретін кездесулер қажет, – деді «ЕСКО» ЖШС дирек торы Андрей Шмарин.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер «мемлекеттік сатып алуларды басқа өңірлердің кәсіпкерлері мен импорттық тауарды жеткізушілер жиі ұтады» деп шағымданды. Шағымға жауап ретінде облыс әкімі баға белгілеу туралы еске салды. Егер, жергілікті тауар өндірушілер бағаны көтерсе, онда олар басқа облыстардың кәсіп керлерімен бәсекелесе алмайды.
– Біздің міндетіміз – «баға-сапа» параметрлерін ескере отырып, мемлекеттік сатып алу кезінде жергілікті қамту үлесін барынша арттыру болып табылады. Біз қарағандылық өндірушілер тауарларының сатылуын арттыруға мүдделіміз, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Қалалар және аудандар әкімдеріне, басқармалар басшыларына облыс әкімі ведомствоға қарасты мекемелер үшін біртекті тауарларды орталықтандырылған сатып алуды ұйымдастыруды ұсынды. Бұл кәсіпкерлерге тауарлардың ірі партияла рын сатып алуға қатысу үшін ыңғайлы болады. Мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілерден сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, төтенше жағдайлар департаментінің көлік жөніндегі ведомствосындағы жергілікті қамту үлесі 40%-ды, арнайы мундирлеу бойынша 100%-ды құрайтынын атап өтті. Полиция департаменті жергілікті қамтудың 90% үлесі туралы хабарлады. Бұл көрсеткішті 100%-ға дейін арттыру жоспарда бар. Денсаулық сақтау басқармасы сатып алудағы Қарағандының үлесі 50%-ды құрайтыны туралы есеп берді. Биыл жергілікті эксперименттік зауыттан науқастарға арналған көпфункционалды медициналық кереуеттер сатып алынады. Әлеуметтік тұрғын үй құрылысындағы жергілікті қамту үлесі 78%-ды құрайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.