Қарағанды

Мұғалім мерейі

всвҰстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші?! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді… Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, біздің балаларымыздың алғашқы ұстазы – Айнұр Балтабайқызы Матенованың орны ерекше. Қарағанды қаласындағы №65 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді.

Ол кісі бала бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамда өз орнын таба білуде, жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға бағыттап, ата-аналармен тығыз байланыса отырып, жетістіктерге жеткізе білді. Соған дәлел республикалық олимпидалардан бірнеше мәрте жүлделі орын алды. Мектепішілік, қалалық байқаулардан жүлделі орынмен, алғыс хаттармен мадақталды. Ата-ана жиналысы үнемі жаңа форматта пікірталас арқылы өтеді.

Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.

Ұстазға қандай құрмет көрсетсе де аз емес. Сондықтан да, ұстаз деген ұлы есімді мәңгілік қастерлеп өтеміз. Мағжан атамыз айтқандай, өмірдегі қадірлі орын – мұғалімдікі. Біз балаларымыздың сүйікті ұстазына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына амандық, мықты денсаулық тілейміз.

65 орта мектептің 1 «б» сыныбының ата-аналар комитеті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button