Басты тақырыпЖезқазған

Ұлытаудан – Арал теңізіне

Жуырда Қазақ ұлттық географиялық қоғамының ұйымдастыруымен жасақталған «Ұлытау – Арал теңізі» ғылыми экспедициясы Жезқазған қаласынан сапарға аттанды. Жоспарға енгізілген ізгі ниетті шараларды толығымен өткергеннен кейін экспедицияның осы қалаға қайыра атбасын тіреуі көзделген.

Бас-аяғы 25 адамнан тұратын экспедицияға қатысушылар құрамында археологтар, этнографтар, географтар, сондай-ақ, экотуризм мамандары бар.

Саяхатшылардың жол жүру бағдары – Ұлытау ауданы аумағындағы Байқоңыр және Қоскөл ауылдары, Арал-Асар қалашығы, Кердері мазары, Барсакелмес қорығы және Байқоңыр ғарыш айлағы. Жолдың жалпы қашықтығы 4000 шақырымға жуықтайды деп күтілуде.

Сапардың алғашқы күні саяхатшылар Жезқазған қаласы маңындағы көне дәуірлерден қалған баға жетпес мұра – тасқа таңбаланған суреттері мол Теректі елдімекенінде аялдады.

Экспедиция құрамындағы ғалымдардың негізгі мақсаты – Орталық Қазақстанды Арал аймағымен байланыстыратын жаңа туристік бағдарды айқындау және қолданысқа ұсыну. Ұлытау ауданы аумағы бойынша қалтаға салып жүруге лайықталған жол бағдарын көрсетуші – нұсқамалық әзірлеу, Арал теңізінен гидробиологиялық зерттеулер жүргізу үшін су алу. Қысқасы, экспедицияның алдындағы міндеттер – еңселі. Ең бастысы, олар өздерінің сапары сәтті болып, нәтижелі аяқталарына бек сенімді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button