Ұлытау

Ұлытауда – ұлы көш

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы бір тағылымы мол шара, Көкше өңірінен бастау алған ұлы көш – «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Ұлытау төріне аялдап кетті.

Экспедиция Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің тікелей қолдауымен және қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ұлы көш 17 қыркүйек күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан бастау алған.«Көкшетау-Ақмола-Ұлытау-Түркістан» керуен жолымен мыңдаған шақырым жол жүрмекші.

Керуен құрамында белгілі ғалымдар мен тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Жоба жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы ұлы көштің мақсатына тоқталды.

– «Абылайханның қара жолы» жобасының ата-бабалар тарихын жаңғыртудағы маңызы зор. Біздің тобымызда тарихшы, географ, өлкетанушы ғалымдар мен тілшілер және зиялы қауым өкілдері бар. Олар жол бойындағы ауылдарға соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағазға түсірді. Сапар қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жарық көреді. Экспедиция Үш жүздің басын құраған Ұлытауға келіп отыр. Ұлт ұясы болған Ұлытаудың қазақ тарихында орны ерекше, – деді керуен басшысы.

Экспедиция аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, салмақты сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button