Бас тақырыпҰлытау

Ұлытау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының жаңа әкімін таныстырды. Енді ауданды Берік Әбдіғалиұлы басқарады. Өңірдің жаңа басшысының кандидатурасын  аудандық мәслихат депутаттары қолдап, дауыс берді.  Берік Әбдіғалиұлы  бұған дейін де, яғни, 2010 жылы Ұлытау ауданының әкімі қызметінде болған еді. 

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник кентінде дүниеге келген. Мамандығы – тарих және қоғамтану оқытушысы.

1989 жылы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында  еңбек жолын бастаған. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында бөлім меңгерушісі орынбасарының міндетін атқарған және басшының орынбасары лауазымында болған. Сондай-ақ,  Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы (Нұр-Сұлтан) меңгерушісінің орынбасары лауазымында болды.

2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды және сол жылы ҚР  бірінші Вице-премьерінің кеңесшісі болды.
2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
Қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып, ҚР Ұлттық мұрағатындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығын басқарды.

Бұған дейін Ұлытау ауданының әкімі лауазымында болған Әнуар Омар  өз еркімен қызметінен босатылды.

Басқа материалдар

Back to top button