Жаңалықтар

Ұлттық спорт танылып келеді

      Олимпиада бағдарламасына қазақ күресі енуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат БОЗЫМБАЕВ айтты.

Олимпиада ойындарының бағдар­ла­масына қазақ күресін қосуы мүмкін. Бірақ, бірден қосу екіталай. Қосқан жағдайда қазақтың ұлттық спорт түрін әлем мойындағаны деп білер едік. Біз осы бағытта жұмысты бастадық, – деді Қанат Бозымбаев.

Осыған орай Астанада өткен Ха­лықаралық қазақ күресі федерация­сының Құрылтайшы Конгресіне 36 елдің делегаттары қатысты. Аустралия, Гана, Канада, Жаңа Зеландия, Уругвай, Германия және тағы басқа елдердің өкілдері өз аймағында қазақ күресінің дамуын қолдады. Конгресс қатысушыларының арасында танымал спортшылар мен жаттықтырушылар, атап айтсақ, дзюдо бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ, «Әлем барысы» турнирінің жеңімпазы Брайсон Ведаль Оскар Рене (Куба), Олимпиада чемпионы Лукаша Крпалектің жеке жаттықтырушысы Лойер Джаромир (Чехия) және тағы басқалар болды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button