Қарағанды

Ұлттық спорт ұлықталды

     Қарағанды қаласында «Шахтер» КМҚК жанында түрлі бағыттарда жұмыс істейтін 39 балалар-жасөспірімдер клубы бар. Клубтарда өткізілетін барлық іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

    Ұлттық спорт түрлерін дамыту, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мақсатындағы іс-шаралар «Арман» балалар-жасөспірімдер клубында асық ату, тоғызқұмалақ, қыз қуу, сақина тастама, ханталапай, қол күресі сияқты ойындар бойынша өткізілді.

    Сонымен қатар, Қарағанды қаласында балалар-жасөспірімдер клубтарының командалары ара­сын­да XIV Спартакиада бағдарла­ма­­сында тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өткізілді.

    Шара бойынша I орынды «Мұрат» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Майқұдық), II орынды «Болашақ» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Пришахтинск), III орынды «Восток» балалар-жасөспірімдер клубының командасы (Майқұдық) жеңіп алды. Командалар Қарағанды қаласы спорт бөлімінің дипломдары, грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ,

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button