Ұлттық спорт ұлтты танытады
Бүгін, наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.

Тəуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде 25-тен астам ұлттық спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оның ішінде қазақ күресі, тоғызұмалақ, асық ату, құсбегілік, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, ұлттық ат жарысы түрлерімен айналысатындар саны едәуір артқан.
Ұлттық спорт елімізде тұрақты түрде ұлықталуда.
Бүгін, ұлттық спорт күніне орай Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтеді. Облыс қалалары мен аудандарынан 200-ге жуық мемлекеттік органдарының өкілдері тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, арқан тартыс, асық ату, кір тасын көтеру, қол күресі сияқты алты спорт түрінен жарыспақ. Жарыс сағат 10.00-де жеңіл атлетика манежінде (Комиссаров көшесі, 45а) өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА