Спорт

Ұлттық құраманың дайындығы Алматыда өтеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында маусым айында екі кездесу өткізеді. Ұлттық құрама басшылығы ойынға дайындық жұмыстарын Алматыда өткізетіндігін мәлімдеді.

17 маусымда отандастарымыз сырт алаңда Сан-Мариномен кездеседі. Үш күннен кейін Солтүстік Ирландия құрамасымен ойнайды. Екі ойынды сырт алаңда табиғи газонда ойнайтындықтан, Алматыдағы Орталық стадионды әдейі таңдаған. Ал, дайындық 8 маусымда басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Словенияға есе жіберген. Екінші ойында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, сенсациялық жағдай орын алған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button