Бас тақырыпПрезидент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы өтіп жатыр

 Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Мақсаты – елдегі ең өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау.  Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button