Жаңалықтар

Ұлттық ұлан қолбасшылығының жеке құрамы арнайы премьераны тамашалады

Кеше елдегі барлық кинотеатрларда «Бүркіт» киносының премьерасы өтті. Сонымен қатар, аталмыш туынды Қарағандыдағы «Saryarga cinema» кинотеатрында да көпшілік назарына ұсынылды. Алғашқы шығарылымды Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы отбасы мүшелерімен тамашалап қайтты.

Суреттер: Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығынан алынды

Бүркіт – күнделікті ауыр да күрделі, мемлекеттік, қалалық деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын Ұлттық ұланның арнайы жасағы. Сол жердегі мамандардың еңбегін насихаттау мақсатында арнайы кино жарыққа шыққан.

– Бүгінде барша қазақстандық үшін біздің арнайы жасақтың қызметі жайлы түсірілген фильм көрсетіліп жатыр. Сапа, актерлердің ойнауы жоғарғы деңгейде. Әскерилердің қызметі шынымен де ауыр. Одан қала берді күнделікті дене шынықтыру, тактика, атыс әрекеттері де үлкен дайындықты талап етеді. Осы рөлдерді ойнаған актерлерге алғыс айтқым келеді, – дейді жедел басқармасының қызмет бастығы, подполковник Евгений Сё.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button