Жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдердің есептелу тәртібі

2021 жылға арналған республикалық «Бюджет туралы» Заңға сәйкес, айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді. Бұл – жыл басында болатын әдеттегі өзгеріс. Осы өзгерістерге сәйкес, зейнетақы және басқа да мемлекет беретін әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті.

 

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1-қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленген:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге мөлшерінде; Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге.

Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1-қаңтардан 7%-ға артты. Жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен (134 182 теңге) аспауы тиіс.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, оның ішінде медициналықәлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеу мекемелеріндегі адамдар үшін, «ҚР-да мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16-маусымдағы №126 ҚР Заңының 12, 16 және 18-баптарында көзделген мөлшерде белгіленеді және ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – км) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылардың, кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (23 жасқа толғанға дейін), сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты өсті.

1-қаңтардан бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен І топ мүгедегіне күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері ЕТКД ұлғаюына байланысты өсті.

Жыл басынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 4-бабына сәйкес км-нің жаңа мөлшеріне пайыздық ара қатынаста белгіленеді. Яғни, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де артты.

Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5% артты. Осыған байланысты 01.01.2021 жылға дейін тағайындалған банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер 1-қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 5% артты.

Биылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60-қа келгенде болады. 60 жасқа толған әйелдерге зейнетақы төлемін тағайындау үшін биыл келуі қажет. Себебі 2022 жылы әйелдерге тек 60 жас 6 айға толғаннан кейін ғана тағайындауға жүгінуге құқылы екендігін ескертеміз. Мысалы, 23.10.1961 жылы туылған әйел сол күннен бастап жыл соңына дейін, яғни, 31.12.2021 жылға дейін зейнетақы төлемін тағайындау үшін ресми мекемеге баруы тиіс. Олай жасамаған жағдайда зейнетке шығу құқығы 2022 жылы 60 жас 6 айға толғаннан кейін, яғни, 23.04.2022 жылдан бастап қана мүмкіндігі болады. Бұған зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдіктерге құқығы бар әйелдер кірмейді. Заңның 11- бабы 2-тармағына сәйкес, Төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылғы 29-тамыз бен 1963 жылғы 5-шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы бар.

Сонымен қатар, аталған заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Сіз әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету басқармасына (байланыс орталығы) күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қалалық және ұялы телефоннан 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шалып, келесі мәселелер бойынша кеңес ала аласыздар:

зейнетақымен қамсыздандыру;

әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;

еңбек қатынастары; халықты жұмыспен қамту;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беруге өтінімдерді қабылдау.

Сонымен қатар, байланыс орталығына электрондық пошта арқылы хабарласуға болады info@info.mintrud.kz және web-портал арқылы: www.info.mintrud.kz

Сондай-ақ, сіз (Бірыңғай байланыс орталығы) күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, 1414 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шалып, стационарлы және ұялы телефондардан (барлық ұялы байланыс операторларынан) қоңырау шалу тегін. Ал шетелдік қоңыраулар үшін +7-7172-701-998 номері бар. Сонымен қатар, чатта хабарлама қалдыруға болады www.1414. kz немесе электрондық поштаға жазыңыз support@pki.gov.kz,sd @nitec.kz, crm @nitec.k

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button