Аймақ

Құлдықтан құтқарды

Қарағанды ​​облысы Шет ауданындағы шаруа қожалығында екі ер адамды құлдықта ұстаған. Үш жыл бойы қожалық иесінің ұрып-соғуымен тегін жұмыс істеген азаматтарды полиция анықтады.

Сурет: бейнеден кадр

Айғақтарға сәйкес, олар үш жылдан астам уақыт шаруашылық басшысының қол астында болған. Оларды жалақы төлемей, мал бағуға мәжбүрлеген. Тіпті бірнеше рет күш көрсеткен.

— Шаруа қожалығындағы тегін жұмысшыларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтады. Олар Теміртау және Саран қалаларының 37 және 25 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеушілер шопандардың денсаулығына зиян келтірілгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады. Қылмыстық істің барысы сараптама нәтижесіне байланысты болады. Әзірге қожалық иесіне 126-бап «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button