Бас тақырып
Костенко шахтасындағы апаттан соң: тоғыз адам қамауға алынды
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеу қызметінің өткен жылдағы қызметінің қорытындылары туралы есеп берді.
Арнайы прокурорлар ЖЭО-3-тегі апатқа байланысты Абай ауданындағы өрттерге, МАЭК-Қазатомөнеркәсіпке және бірыңғай энергетикалық жүйедегі ақауға байланысты «KEGOC» АҚ-на қатысты Экология министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, «Қарағандыдағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемедегі 14 мүгедек баланың улануы және 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апатқа қатысты тергеу аяқталуға жақын. Тоғыз шахта қызметкері күдікті деп танылып, қамауға алынды», – делінген хабарламада.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.