Жаңалықтар

Кооператив жұмысын ширату қажет

    Қарағанды облысында екі жылда 73 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Алайда, бүгінгі күні оның, тек, 15-сі ғана өзінің өнімдерін сатылымға шығара бастаған. Аппараттық жиында облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ мұндай төменгі көрсеткіштің себебін сұрады.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров аймағымызда дамып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативтері саласындағы жалпы жағдай туралы баяндап берді.

– 2016 жылы 17 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. 2017 жылы – 56. Алайда, бүгінгі таңда 73 кооперативтің, тек, бес аудандағы 15-і ғана өздерінің өнімдерін шығара бастады. Барлығы 631 тонна сүт және 77 тонна ет өндірді. Абай ауданында 375 тонна сүт өндірілген. Ол жалпы көлемнің шамамен 50 пайызын құрайды. Бұқар жырау ауданында 4 кооператив шамамен 100 тонна сүт өндірді, ал, Қарқаралы ауданындағы 4 кооператив – 100 тонна сүт шығарды. Қалған 55 тонна – Нұра ауданына тиесілі. Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы кооперативтері 6 тонна ет сатқан. Қалған аудандарда өнім өндіру әлі басталмады, – деп мәлімдеді Серік Шайдаров.

Серік Шайдаровтың айтуынша, қиындықтардың себебі – жабдықтардың жетіспеушілігі мен жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауында.

– 73 кооперативтің жартысынан азы, тек, ең қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңаарқа және Осакаров аудандарында бірде-бір кооперативте жабдық жоқ. Шет ауданында ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. Алайда, ауыл шаруашылығы кооперативтері бұрыннан бері нарықты өнімдерімен толтырулары керектін, – деді әкімнің орынбасары.

Ерлан Қошанов қол астындағы қызметкерлерге бұл мәселені ерекше бақылауға алу керектігін тапсырды.

– Бізге бұл кооперативтердің саны емес, сапасы керек. Әрбір кооперативпен жеке-дара жұмыс істеңіздер. Олар бос тұрмауы тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button