Қарағанды

Кітап сыйла

     Елбасымыз латын әліпбиінің нұсқасына қол қойды. Енді әліпбиге кезең-кезеңмен көшіп, межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу керек. Осы мәселені жан-жақты талқылау мақсатында облыстық Н.Гоголь атындағы кітапханада аймақтағы айтары бар азаматтардың басын қосып, дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылып, кітапханаға келушілер латын әліпбиіндегі кітаптармен танысты. Ал, кітапхана қызметкерлері келушілерді жаңа қаріпке машықтандыруға, латын әліпбиінде жазуға дағдыландыру жұмыстарын жүргізді.

Шара өткізудің тағы бір мақсаты – жер-жердегі, ауылдық өңірлерде, еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қандастарымыздың үйінде сақталып қалған кітаптар болса, бір жерге жинақтап, ел игілігіне жарату.

Аталған акцияға Қарқаралы ауданынан, Қарағанды қаласы­нан қолдаушылар үн қосып, қолда бар әзірше алғашқы кітаптарын тапсырды.  Олар 1939 жылы жарық көрген «Батырлар», 1939 жылы жарық көрген Абай Құнанбаевтың «Таңдамалы шығармалары», 1938 жылғы Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» және Джек Лондонның  «Ақ азу» романымен және құнды кітаптар топтамасын толықтырды.

13-қыркүйектен басталған акция 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Сондықтан, осы бастамаға облыс тұрғындары да атсалысса деген ниетіміз бар.

Бір өкініштісі, 1930 жылдары ашылған кітапхана қорында латын әліпбиінде жазылған бірде-бір кітап жоқ екен. Сирек кітаптар қорын ұйымдастыру арқылы латын графикасында жазылған әдебиеттермен оқырмандарды таныстыруды мақсат етіп отыр кітапхана ұжымы. Құнды кітаптар сөрелерде тұрмайды. Олар қалпына келтіріліп, оқырман назарына ұсынылатын болады.

Дина АМАНЖОЛОВА,

Н.Гоголь атындағы кітапхана директоры.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button