Руханият

Кітап – асыл дос

Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын адам – табысты адам» тақырыбымен ашық аспан астындағы оқу залын ұйымдастырды. Кітапханаға келушілер мен қала тұрғындарының назарына «Рәміздер – еркіндік нышаны», «Кітаппен дос бол!», «Мифы и легенды со всего мира» атты әдеби көрме қойылды.

Поэзия алаңында жастар өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары туралы пікір алмас­ты. Іс-шараға қатысушылар кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттермен танысып, таза ауада ұнаған шығармаларын оқыды.

Сирек кітаптар, қолжазбалар және мұражай жәдігерлері секторы «Сирек кітаптар» көрмесін дайындады. Оған 12 кітап қойылған. Бұл Ж.Бектұровтың еңбектері және жазушы туралы кітаптар, сондай-ақ, оған авторлар сыйға тартқан кітаптар мен ақындардың қолы қойылған басылымдар. Кітапханашылар қарағандылықтар мен қала қонақтарын жазушының мұражай-кабинетін көруге, кітапхана залдарын аралауға шақыр­ды.

Сонымен қатар, кітапхана кішкентай оқырмандар үшін жазғы оқуларын ашты. Биылғы ашылуда балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері дайындаған «Жаз, кітап, мен – бірге біз доспыз» ойын бағдарламасын өткізді.

Бұқар жырау ауданы, Баймұрза ауылының Калинин атындағы орта мектептің 5-6 сынып оқушылары мен кішкентай оқырмандар көңілді мерекенің қонақтары болды. Іс-шара кітапхана ауласындағы алаңда ашық аспан астында өтті. Оның бүкіл аумағы шарлармен және гүлдермен безендірілді. Стендте жазғы сюжеттері бейнеленген балалардың түрлі-түсті суреттері ұсынылды. Жанында «Сәлем, жаз! Сәлем кітап!» атты тақырыптық кітап көрмесі орналасқан.

Бұдан бөлек, балаларға «Мальчик и волк» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Сондай-ақ, балалар ертегі кейіпкерлерінің көмегімен ертегі жолымен жүрді. Кішкентай кітапқұмарлар ертегі викторинасының сұрақтарына жауап беріп, «Смешинки» айқайлау ойынын ойнады. Кішкентай оқырмандар: «Мыши водят хоровод», «Солнышко и дождик», «У медведя во бору» атты қызықты эстафеталарға қатысты.

Сонымен қатар, «Бюро находок», «Чудесных сказок хоровод», «Книжный герой» танымдық әдеби ойындарында бақ сынады.

Әр қатысушы күн, қуаныш пен көңілділіктің символы ретінде әуе шарын алды. Балалар асфальтқа қуана сурет салды.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері балаларға балмұздақ пен шоколад сыйлады.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button