АймақАқтоғай

Кірпіш шығаратын шағын цех

Ақтоғай ауданында кәсіпкерлікті дамытып, шаруасын жаңадан бастап, үй ауласындағы жерді тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін ашып жатқан жандар жетерлік. Соның бірі – Жидебай ауылдық округі, Жалаңаш ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Нұрымбек Өскенбек. Ол кірпіш шығаратын шағын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жеке кәсіпкер өзінің қолынан келетін кәсіпті нәсіп етіп, биыл кірпіш өндіру ісін қолға алған. Жеке бос тұрған үйді өндіріс алаңы етіп, бүгінгі таңда жұмысын жүргізуде. Бұл кәсіпті өз қаражатын салып, жүзеге асыруда.

– Бұл цехты ашпас бұрын көп іздендім. Сөйтіп, ауылдың бос жігіттерін жұмысқа тартып, еңбекке баулығым келді. Ойлаған ісім жүзеге асты. Осы цех ашылғанына бір аптадай уақыт болды. Күнделікті сұранысқа сай кірпіш шығарып жатырмыз. Кірпіш қатты қысымның әсерінен қалыпқа келіп, кесіледі. Тек содан соң кептіріледі. Қазір ауылдың өзінен кірпішке тапсырыс түсті. Кірпіш бағасы қолжетімді. Ең бастысы кірпіштің сапасы жақсы болса, болғаны. Өйткені, жұмыстың көрсеткіші мен сұраныстар соған қатысты болмақ. Жалпы бұл ауылда ашылып отырған бірегей цех. Алдағы жоспарым – мемлекет және жергілікті әкімшілік тарапынан қолдау жасалып, бұл цехты үлкейтіп, пеш салып, қызыл кірпіш шығарып, Қазақстанның әрбір өңірлеріне жіберсек деген ойымыз бар, – дейді жеке кәсіпкер Нұрымбек Мейрамбекұлы.

Жас кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленіп және жеңілдетілген несие алып, жоспарын жүзеге асырмақшы.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Ақтоғай ауданы
Сурет автордан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button