Бас тақырып
Үкімет қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысын 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізеді
Бүгін Сенат кулуарында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысын Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін мәлім етті, деп хабарлайды ortalyq.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
– 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Себебі, қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, – деп мәлім етті ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жұманғарин 15-20 ақпан аралығын сөз еткен еді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА