Жаңалықтар

Киік атқан “Охотзоопром” инспекторы ұсталды

ҚР Ішкі Істер министрінің кеңесшісі – ресми өкіл Нұрділдә Ораздың хабарлауынша, Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында мүйіздері кесілген жүздеген өлі киік табылған.  Жедел іздестіру шаралары барысында, киік атты деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Олардың ішінде  Ауыл шаруашылығы министрлігі «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторы бар.

«17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам өлі киік табылды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», деді Нұрділдә Ораз.

Басқа материалдар

Back to top button