АймақЖаңалықтар

Киберқылмыстарды тергеу орталығы ашылды

Қарағанды облысының ПД ғимаратында киберқылмыстарды тергеу орталығы ашылды. Полицейлер жүргізіп жатқан ауқымды профилактикалық іс-шараларға қарамастан, азаматтар алаяқтардан жиі опық жеуде. Биылғы жылдың басынан бері аймақта интернет алаяқтықтың 1 129 фактісі тіркелсе, оның 436-сы ашылған.

Суреттер: ПД

– Азаматтарды толғандыратын мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық. Соңғы төрт жылда Қарағанды облысында құқық бұзушылықтың осы түрінен келтірілген жалпы шығын 3,5 миллиард теңгеден астам қаражатты құрады. Киберқылмыспен күрес құқық қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұған дейін Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларының ішкі істер бөлімдерінде ашылған киберполиция бөлімшелері өз тиімділігін көрсетіп үлгерді. Жаңа Орталықтың міндеті – осы бөлімшелер арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды күшейту. Бұл цифрлық технологиялар саласындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді,- деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button