Жаңалықтар
Әкесі кепілге алған 2 жастағы сәби құтқарылды
Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғыны 2 жастағы қызын кепілдікке алған. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері 4 сағатқа созылған келіссөзден кейін баланы құтқарып қалды. Құтқару операциясы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
“Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 261 бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамның мұндай қадамға не үшін барғанын тергеу анықтайды”, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.