Бас тақырып

Кент келбеті көркеюде

Топар кентінде 36 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып, шатыры жөнделуде. 40 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген үйдің қасбеті сары және ашық күрең түспен боялып жатыр. Осы жұмыстардың бәрі күзге дейін аяқталады деп жоспарлануда. Одан бөлек, кенттегі жолдар да ретке келтіріліп, жаңа контейнерлік алаңдар қойылды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Кент әкімі Марғұлан Сафаров:

– Түстерді біз тұрғындардың келісімі бойынша таңдадық. Сондай-ақ, кентте ҚТҚ жинауға арналған 10 жаңа контейнерлік алаң орнатылды. Бұдан бөлек, Ауыл-3 ауданында және Жастар көшесі, 16 мекенжайында ұзындығы 2,3 шақырым болатын жол төселуде. Және Ауыл-3 мекенжайы бойынша су өткізгіш құбырларды саламыз, – деді.

Жөндеу жұмыстары Сары-Арқа, Қазыбек би, Жастар көшесіндегі автожолдарда жүргізілуде. Одан бөлек, Бейбітшілік бульвары мен автостанция ауданында да асфальт төселуде. Сарыарқа көшесіндегі қоршау жаңартылып, енді гүл құмыралары орнатылмақ.

– Автокөліктің қауіпсіз қозғалысы үшін ДСУ ауданындағы тосқауылдар жөнделуде. Ол стандарттарға сәйкес келмейді. жарық шағылыстыратын элементтері де жоқ. Сонымен қатар, 83 жарық бағанасының лампасын ауыстырамыз. Жаңа жылыту маусымына белсенді дайындық жүріп жатыр, – деді кент әкімі.

Абай көшесіндегі 3,5 шақырым құбыры ауыстырылуда. Одан бөлек, 5 шақырымнан астам магистральдық жылу желісін ауыстыру да қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button