АймақШахтинск

Кеншілер қаласындағы қоныс той

Жаңа жыл қарсаңында кеншілер қаласы Шахтинскіде үй кезегінде тұрған 60 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болып, қоныстой жасады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған бес қабатты ғимараттағы үш бөлмелі жеті пәтер көпбалалы отбасыларға берілді.

Солардың бірі Надежда Никульчаның қуанышында шек жоқ. Ол бұған дейін сегіз жыл кезекте тұрып, бала-шағасымен үй жалдап күн кешкен екен.

Жаңа үйден 16 пәтер жетім балаларға бұйырса, мүгедектігі бар Светлана Щеракова бір бөлмелі пәтерге қоныстанды. Ол мұның өзі жаңажылдық сыйлық болғанын айтады. Сол сияқты халықтың осал топтары арасынан да жаңа баспанаға қол жеткізгендер бар.

Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков салтанатты түрде табыс етті.

Ержан ИМАШ.

ШАХТИНСК

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button