Жаңалықтар

Кенішбай ақынның өлеңдері табылды

Арқада Кенішбай есімі Шашубай есімімен қатар аталушы еді. Іздеушісінің жоғы да. Ел алдыңғысының атын атамақ тұрсын ардакүрең ақынның есімі бүгінде ұмыт болуға айналған. Соны есімізге салғандай болып жағымды жаңалық жетті. Кенішбай ақынның 27 дәптері табылыпты.

Оны тауып жүрген – белгілі әдебиетші Аманкелді Туғанбаев ағамыз. Ол кісі жазуын ажырата алмаған соң академияға тапсырады. Алайда, онда да шағатайша білетін жан табыла қоймапты. Содан шағатай тілін білушілер бар ма деп жан-жаққа сұрау салады. Шағатайшы өзімізден табылыпты. Ол – тағы бір әдебиетші ағамыз Мұхамедқали Баймұқан. Ол кісімен хабарласқанымызда он алты дәптерін аударып та қойыпты.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button