Ғибрат

Әкенің орны

Бір әйелдің күйеуі қайтыс болып, балаларымен жесір қалады.
Отағасының орны ойсыраса да, есімі өшпес үшін әйелі күйеуінің пиджагін кіреберіске іліп қояды да, ай сайын қалтасына біршама ақша салып тұрады екен. Балалары өзінен ақша сұрағанда әйел:
“Балапандарым, ақшаны әкелеріңнің қалтасынан алыңдар”, дейді екен, “Әке” деген асқар ұғымның балаларының жадында үнемі жаңғырып тұруы үшін.

*
Асқар таудай әкелеріміз бен парасатты аналарымыз қашан да аман-сау жүрсінші!

Салтан Сайранұлының фейсбук парақшасынан алынды.

Басқа материалдар

Back to top button