Аймақ

Каратэші Георгий Лутошкинді еске алу турнирінде Қарағанды облысының командасы бірінші орын иеленді

Қарағанды облысының құрамасы аты аңызға айналған спортшы және жаттықтырушы Георгий Лутошкинді еске алуға арналған WKF Karaganda Open халықаралық каратэ турнирінде бірінші орынды иеленді. Қарағандылықтардың қоржынында 14 алтын, бес күміс және 19 қола жүлде бар.

Жауынгерлер “Жастар” спорт кешенінде күш сынасты. Дәстүрлі жарыстарға 500 спортшы қатысты.

Жеңіс үшін 6 жастан асқан балалар мен Ресейдің, Қазақстанның қалалары мен облыстарының мықты ересек шеберлері шайқасты.

Турнирге қатысушылардың арасында Саран қаласынан келген каратэші Наталья Курдюкова бар. Спортшы әлем чемпионатына баруды мақсат етіп отыр.

– Менің жаттықтырушым Георгий Лутошкиннен тәлім алған, сондықтан мен осы жарыстарда өнер көрсеткен кезде барлық жауапкершілікті түсінемін. Мен каратэмен үш жылдан бері айналысып келемін. Қазақстан құрамасының мүшесі болғым келеді. Мен беделді жарыстарда өнер көрсетуді, әлем чемпионатына қатысуды армандаймын. Ол үшін көп жаттығамын, – дейді Наталья Курдюкова.

Георгий Лутошкин – КСРО-ның бірінші чемпионы, каратэ-до бойынша жетінші дан иегері. Майқұдық спортшысы әлемдегі ең мықты каратэшілердің ондығына кірді. Оған Америка, Мысыр, Югославия, Венгрия, Франция, Германия және Жапонияның қоян-қолтық ұрыстарын сүйетіндер қол шапалақтаған. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында, каратэ “көлеңкеден” шыққан кезде, Лутошкин жекпе-жек федерациясын ұйымдастырған.

Ол Қарағандыда каратэден КСРО-ның алғашқы ашық чемпионатын өткізді. Алып тұлғаның арқасында әлем чемпионаттарында қарағандылықтар Виктор Ешкин, Сергей Попов, Валерий Бокия, Ирина Тишина және Валентин Келлердің есімдері таныла бастады.

2000 жылы Георгий Лутошкин қайғылы жағдайда қайтыс болды. Бірақ оның ізін басып, еңбегінің өшпеуіне атсалысып келе жатқандар баршылық – жаңа чемпиондар Қарағандының намысын халықаралық ареналарда қорғап келеді.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button