Кадеттер ант қабылдады

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Жастар» спорттық кешенінде қала мектептерінің кадет сыныптарына кадеттерді қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өтті.

Аталған шара өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ұрпақ сабақтастығын арттыру, сонымен бірге, өскелең ұрпақтың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская, Қарулы күштердің ардагері, отставкадағы контр-адмирал К.Әбікеев, «Ардагер» одағының (тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың одағы)» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды қаласы бойынша төрағасы Н.Аяғанов, әкімшілік құқық және ішкі істер бөлімінің әкімшілік қызметінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академия кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Д.Амангелдиев, Павлодар облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты директорының орынбасары, подполковник Е.Қариев, авиация және космонавтика мұражайының меңгерушісі М.Кәрібекова, №58 ЖББОМ кадет аналары кеңесінің төрағасы Қ.Топенова,  Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6505 әскери бөлімшесінің оркестрі, 6505 әскери бөлімшесінің сержанты А.Қосжанов және ардагерлер ұйымдарының, әскери бөлімшелердің өкілдері, жауынгер-интернационалистер, білім ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және басқалары қатысты.

Кадет сыныптары қаланың 6 білім ұйымдарында, нақты айтқанда, №№21, 35, 58, 77, 91 мектептерде және №4 мектеп-интернатында ашылған. Биылғы оқу жылында кадет сыныптарында 700-ге жуық кадеттер оқиды.

Аталған мектептерде кадеттермен жұмыс «жас полицейлер» (№21, 91 ОМ), «жас құтқарушылар» (№4 мектеп-интернат), ал, №35, 58, 77 мектептерде «әскери-патриоттық бағыты» бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кадет сыныптарының оқушылары әртүрлі (қалалық, облыстық, республикалық) әскери-патриоттық және спорттық байқаулардың белсенді қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.

Салтанатты іс-шара барысында білім ұйымдарының кадет оқушылары өз қойылымдарын көрсетіп, салтанатты вальс билеп, аталған сыныптарға келген оқушылар кадет антын салтанатты түрде қабылдады.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.