Облыс әкіміОблыс әкімінің жұмыс сапары

ӘК зауыты салынады

Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Болашақ кәсіпорын өз өнімін тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да жеткізетін болады.

Зауытты Saryopan Operating ЖШС салады. Техникалық серіктес Carmeuse Group бельгиялық трансұлттық компания болмақ. Жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна дайын өнім, келешекте бұл көрсеткіш 600-ге дейін ұлғайтылады. 300-ге жуық жұмыс орны ашылады.

– Бұл өңірге 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция, жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялар әкелетін маңызды жоба. Ең бастысы – зауыт қара және түсті металлургияға, химия өнеркәсібіне және басқа да салаларға қажетті өнім шығаратын болады. Бұл өндіріс Осакаров ауданы үшін жаңа өсу нүктесі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Бірінші сұрыпты әк өндіру кешені отандық қара және түсті металлургия, шыны өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

– Сарыопан кен орны металлургиялық әк өндіруге мүмкіндік беретіндігімен ерекше, – дейді Saryopan Operating техникалық директоры Ескендір Қолдасов.

– Карьер ашық тәсілмен әзірленетін болады. Тау массасы бірден екі фракциялы өндіріске түседі. Үлкен бөлігі – қара металлургияда, ал кішісі – түсті. Зауыт әктің үш түрін шығарады: кесек, ұсақталған және гидратталған. Негізгі тұтынушылар «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс», «Қазхром» және KAZ Minerals компаниялары болады. Кәсіпорынды іске қосу 2022 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Өндірістік инфрақұрылым зауытқа «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеткізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button