Кәсіпкерлік – өңір тірегі

    Жезқазғанда кәсіпкерлерге жасалған қолдау қомақты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып жатқан жобалар баршылық. Кәсіпкерлерді ынталандыруға бағытталған байқаулар да жеткілікті.

Жуырда қала әкімдігі мен аймақтық кәсіпкерлер және өндірісшілер қауымдастығы «Үздік аспаз», «Үздік кондитер» сайыстарына ұйытқы болды. Байқау аясында жергілікті тамақ өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі ашылды. Өңірдегі тағам өндірушілер жетістіктерін  осы көрмеден тамашалауға болады.

Байқауға он үміткер қатысты. Қазылар алқасы кіл жүйріктің арасынан шын жүйрікті таңдады.

Сөйтіп, қаладағы «Мадина» кафесінің аспазы Жібек Жәкеева «Үздік аспаз» атанды. Ал, әуесқой кондитер Гүлдана Әуезхан «Үздік кондитер» атағына лайық деп танылды. Гүлдана пісірген «Нұр – Әлем» атты торт қазылар алқасының көңілінен шықты.

Сондай-ақ, «Бармағынан бал тамған» аталымында «Мадина» кафесінің кондитері Бибігүл Айтбаева, «Кәсібінің үздік маманы» аталымында «Глушков» фирмасының кондитері Маргарита Казакова, «Нағыз шебер» аталымында «Ұлытау» тойханасының аспазы Райхан Мұқанова жеңімпаз атанды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.