Жаңалықтар

Кәсібін дөңгелеткен

Қала орталығында қалаған затыңды сабылып іздеп әуре болмай, таңдап жүріп аласың. Ақшаң болса, болғаны. Тіпті, үйде отырып, ғаламтордан тапсырыс берсең, үйге дейін де жеткізіп береді. Бұл – маркетингтік қадам. Бәсекелестік заманында бәсекеге төтеп беріп, өзіңнен зорларға жұтылып кетпеудің амалы…

Ал, қаладан шалғай жатқан жерде жағдай мүлдем бөлек. Жүгіріп шығып, қалағаныңды алатын дүкендер жоқтың қасы.

Бұл жағдайда Ақадыр кентінде шағын кәсіпкерлікпен айналысып, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс жағдайларын көтеруде елінің алғысына бөленіп жүрген азаматтардың бірі – Б.Кенжебаевтың ашқан дүкендері көмекке келеді. Ешқайда сабылмастан оның ашқан үш дүкенін аралай жүріп, тұрмысқа қажеттіні тауып алуға болады.

«Сымбат» дүкенінен киім-кешегіңді бүтіндеп, ыд

ыс-аяғыңды түгендесең, «Жиһаз» атты дүкеннен тапсырыс беріп, жиһаздың түр-түрін алуға болады. Тіпті, сол жиһаздардың өзін «Еуразиялық банк» ар

қылы несиеге алуға болады.

Үйіңізді сәндеп, қазіргі талғамға сай еуропалық үлгіде жөндеу жұмысын жүргіземін десеңіз, «Сантехника» дүкені тағы бар. Бұл жерде құрылыс заттарымен қатар, электр тауарлары, электр техникалары да сатылады. Дүкен сатушылары да келушілерге үнемі ерекше ілтипатпен қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлігін дөңгелетіп, халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан кәсіпкер осылайша кент тұрғындарының ризашылығына бөленіп жүр.

Боранкүл Бәкірова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button