Жаңалықтар

Көрменің әр күні – тікелей эфирде

     Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі тікелей эфир арқылы көрсетілетін болады. Телеарна және радио арқылы хабар тарату қызметін «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

Телевизиялық сигнал алдын ала берілген өтінімдер бойынша Көрменің Медиа Орталығына, ҚМО және шетелдік ақпарат құралдарына беріліп отырады.

Күн сайын Халықаралық Көрме аумағында 10 және 5 камера жұмылдырылған 4 ЖТС (жылжымалы телевизия стансалары), 2 МСС (мобильдік спутник стансалары), жылжымалы кейстер базасындағы 4 ЖТС жұмыс істейтін болады. Жалпы, «ЭКСПО – 2017»-ні ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға «Қазақстан» РТРК» АҚ барлық техникасы мен 146 техникалық қызметкері жұмылдырылады.

Айта кетерлігі, Live-режимде шараның Ашылуы салтанатынан хабар таратуға бірнеше еуропалық және америкалық арналар өтінімдерін алдын ала беріп қойды.

«Астана «ЭКСПО-2017» бродкастингін ұйымдастырудағы басты ерекшелік – тиісті аймақтық телеарналардан бастап, халықаралық телеарналардың барлығы Көрмедегі «картинаны» тегін пайдалана алатын болады.

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «Қазақстан» РТРК» АҚ ара­сында 2017 жылғы 2 мамырда тиіс­ті келісім-шартқа қол қойылды.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button