Көрмеден күтеріміз көп
Жуырда «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі басталады. Оның басталуына санаулы күндер ғана қалды.
Көрмеде энергияның баламалы көздері бағытындағы жаңа технологиялар көрсетіледі.
Көрмені тамашалауға әлемнің түпкір-түпкірінен көптеген туристер, жолаушылар келеді.
Шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық байланыс күшейеді деген сенімдемін.
Қазақстанда «ЭКСПО – 2017» көрмесі 10-шы маусым мен 10-шы қыркүйек аралығында өтеді. Тақырыбы – «Болашақтың энергиясы».
Жалпы, «ЭКСПО» дегеніміз не? Бізге берер пайдасы қандай?
Ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді баламалы энергия көздерін пайдалану – шексіз мүмкіндікке жол береді. Көрмеге шамамен, 100-ден астам ел қатысуы мүмкін. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың адамдары мүдделі.
Г.ЕМИЛЬЖАНОВА,
Елтай орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.