Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жазбақ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазу ниеті бар екенін айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам. Ол жайында «Елбасы көмекші көзімен» деп аталатын кітап жазамын», — деді К.Мәсімов.