Аймақ

Жұмысшы көмір толы вагонның астында қалды

Қарағандыда Сұрыптау станциясында жұмысшы көмір толы вагонның астында қалды. Ол оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті өкілдерінің мәліметінше, пойыз түзу жолмен жүріп, кейін рельстен шығып кеткен.

– Вагонның арнайы тұғырында тұрған теміржол цехының құрастырушысы жарақат алды. Осы дерек бойынша еңбек инспекциясы басқармасы комиссия тағайындалды. Осы жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу қорытындысы бойынша анықталатын болады, – деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.

Басқа материалдар

Back to top button