Жаңалықтар

Көлік көбейеді

14 қазаннан бастап облыс орталығында күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істей бастайды.

Осыған байланысты, қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін №№45, 145, 012, 70, 55, 9 қала маршруттарының кестелері 50-ден 70 бірлікке дейін ұлғайтылады.

Қосымша түрде, Майқұдық және Михайловка тұрғындары үшін №28 тұрақты қалалық маршрутының схемасы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне бұрылатындай өзгертіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жәрмеңке Олимпийская көшесінде 14, 21 қазанда және 11 қарашада өтетін болады. Жезқазған, Саран, Шахтинск, Сәтбаев, Теміртау, Балқаш, Қаражал және Приозерскіде жәрмеңке 4 қарашада өтеді.

Тұрғындар ет, сүт өнімдерін, көкөністер мен балықты жергілікті тауар өндірушілерден төмен бағамен сатып ала алады. Өнімдер облысымыздың барлық аудандарынан жеткізіледі.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button