Абай ауданының диқандары да биыл бітік егін өсіріп, мол өнімін жинап, тауыса алмай жатыр.
Кешегі күнге дейін мұнда олар жинаған 39360,5 мың гектар (88 пайыз) дәнді дақылдар алқабынан 40 мың тонна астық орып, бастырып, оның әр гектарынан 10 центнерден өнім алды.
Ал, 6572,8 гектар картоп алқаптарының әр гектары 240 центнерден өнім беріп, одан бүгінге дейін 158 мың тонна картоп қоймаға тасылып, жеткізіліпті.
Көкөніс алқаптарынан 35 мың тонна өнім жиналып, оның шығымы гектарына 460 центнерді құрайды екен.
– Біз биылғы егін орағы науқанын осы 30 қазанға дейін бітірмек ойдамыз. Оған техника мен жанар-жағар май да, адам күші де жеткілікті, – дейді Абай ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жанар Сұрауханова.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz