Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты – Астанада өтеді

Бүгін Ташкентте Халықаралық бокс қауымдастығының директорлар кеңесі жиын өткізді. Отырыс барысында келесі жылы өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астана қаласында өтетіні туралы хабарланды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.


Халықаралық бокс қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан бокс федерациясының жауапты тұлғалары 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын Астанада өткізуге ниет білдірген.

Осылайша, әлемнің үздік боксшы қыздары «Барыс Аренаның» шаршы алаңында қолғап түйістіреді.

– Қазақстан сияқты қуатты бокс елі IBA ірі турнирлерінің бірін өткізеді. Осыдан жеті жыл бұрын Астанада әлем чемпионаты өткен еді. Біз әйелдердің жүлде қорын көбейтеміз. Чемпиондар 200 000 АҚШ долларын алады. Ал, жалпы жүлде қоры 12 номинация бойынша 4,8 миллион долларды құрайды. Бұл соманың 10 пайызы ұлттық жаттықтырушыларға беріледі. Алдағы чемпионатты асыға күтемін және 2024 жылы боксшыларды Астана төрінде қарсы аламын, – деді IBA басшысы Омар Кремлев.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың жазында Қазақстан өз тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізді. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама спортшылары төрт алтын, екі қола медаль жеңіп, командалық есепте І орын иеленген болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.