Жаңалықтар

«Ижсталь» – Қарағандыда

   Бейсенбі күні Альметьевскінің «Нефтянигі» Қарағандыға келді. Айтары сол, ресейліктер «Сарыарқадан» буллит сериясында басым түсті.

Турнир кестесінің 4-ші сатысында тұрған ұжыммен ойнау «Сарыарқаға» оңай болған жоқ. Десек те, жерлестеріміз лайықты қарсылық танытты.

Қарағандылықтар сапында Антоновский (4-ші минут), Борисевич (46-шы минут) және Соколов (56-шы минут) қақпашы Хакимовты қапы қалдырды. «Нефтяник» құрамында Шахворостов (11-ші минут), Хапов (30-шы минут), Курепанов (54-ші минут) мергендігімен көзге түсті. Қосымша таймда да жеңімпаз анықталмады. Ал, буллит сериясында сәттілік «Нефтяникке» серік болды. 3:4.

Бүгін Қарағандыға Ижевскінің «Ижсталі» келеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button