Іздестіру жалғасуда

Нұркен ауылында 2-ші сәуір күні орын алған оқыс оқи­ға – көктемгі су тасқыны кезінде Қопа өзеніне ағып кеткен ағайынды екі жігітті іздестіру шаралары әлі күнге дейін жал­ғасуда. Аталмыш жұмысқа ау­дандық төтенше жағдайлар бөлімінен бір адам, бір техника, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отряды мекемесінен 10 адам, 5 техника, 2 моторлы қайық, 52/859 әскери бөлімінен 8 адам, 1 техника, 1 моторлы қайық жұмылдырылып, тиісті іздестіру жұмыстарын жүргі­зуде. Сонымен қатар, аудан әкім­дігі, мекеме-кәсіпорын мен ауыл әкімдігі аппараттарының қызметкерлері және АІІБ полиция инспекторлары да атсалысуда. Іздестірушілер Қопа өзенінің бойымен 13 шақырым қашықтықта Тоқтар ауылын бет­ке алды.

Толассыз жауған қардың қалыңдығына қарамастан 3 бри­гада тынымсыз жұмыс істеуде. Басқа елді мекендердегі жағдай тұрақты, су деңгейі бір қалыпты.

Сонымен бірге, Бесоба ауы­лында жол жиегіндегі су­ға құлаған УАЗ автокөлігінің ішін­де сол сәтте 14 адамның болғандығы нақтыланып отыр.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.