Іздегенге ұсыныс бар

    Облыс орталығындағы Қарағанды тау-кен-индустриалды колледжінде қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге түрлі меншіктегі ұйымдар қатысты.

Сол күні мұнда 448 кәсіпорыннан 2139 бос жұмыс орны ұсынылды.

Негізінен, жерасты электр дәнекерлеушілері, инженерлер, логисттер, менеджерлер, бухгалтерлер, бағалаушы-сарапшылар және тағы басқа мамандықтарға сұраныс мол болды.

Орта білікті мамандарға арналған бос орындар да баршылық. Тігіншілер, дәнекерлеу­шілер, электромонтерлер, то­карьлар, автокран машинис­ тері, бұрғылаушылар, фрезершілер, техник-технологтар, жүргізушілер осы жерден өздеріне жұмыс табуға мүмкіндік алды.

Сантехниктер, жол жұмыскерлері, жүк тиеушілер, күзетшілер, қосалқы жұмысшылар сынды арнайы дайындықсыз жұмыскерлерге де ұсыныстар түсті. Жалпы, жәрмеңкеде 670 адам қамтылды.

Ұйымдастырушылар тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес берді, «Жастар тәжірибесі» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламалары туралы кеңінен түсіндірді. Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік қызмет және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат берді.

№1 қалалық аурухананың өкілдері міндетті медициналық сақтандыру туралы, Октябрь ауданы әкімдігінің қызметкерлері жер және тұрғын үй заңнамасы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Жәрмеңке қорытындысында, 380 адам жұмысқа орналасты. 106 жұмыссыз азаматтан келешекте жұмысқа орналастыру үшін түйіндемелер қабылданды. 128 адам «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша, нақты кеңес алды.

Сондай-ақ, азаматтар 2018 жылға тегін оқыту курстары тізіміне тіркелді.

 

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.