Облыс әкімдігінде

ІТ-индустрияның дамына негіз бар

ІТ-индустрияны дамыту үш элементті қажет етеді: дарынды мамандар, оларды біріктіретін хабтар және венчурлік инвестициялар. Алғашқы екеуі Қарағандыда сәтті жұмыс істейді. Бұған өзінің жұмыс сапары кезінде Қарағандыдағы ІТ-хабқа барған Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МУСИН көз жеткізді. Ол облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКПЕН бірге жергілікті IT қоғамдастықпен кездесу өткізді.

Террикон алқабы 2014 жылы іске қосылды. Оның құрылтайшылары Қарағандыда экожүйені дамыту мақсатын қойды. Бүгінде ол сәтті жүзеге асырылуда.

IT-hub – бұл білім беру, IT-қоғамдастық құру және жұмыс іздеу платформасы. Мұнда біліктілікті арттыру шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Әр апта сайын IT және диджитал-мамандар Қарағандыдағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездеседі. Қоғамдастық мүшелері қазақстандық және шетелдік ұйымдардан, инвесторлардан және әлеуетті серіктестерден тапсырыс пен ұсыныстар алады.

Кездесуде ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына инновациялар мен стартаптарды енгізу туралы сөз болды.

Бағдат Мусин өз министрлігінің жоспарларымен де бөлісті. Бұл инвестициялық гранттар, венчурлық инвестициялар және IT мектептерін құру. Оның айтуынша, облыстың әлеуеті зор. Дамыту қажет.

Қарағандыдағы ІТ-қоғамдастық қабілетті. Ірі жобаларды дүниеге әкелуге қабілетті. Мұнда IT-мамандар және кәсіпкерлік рух бар. Ең бастысы, әкімдіктің қолдауы бар. Сондықтан, «Террикон алқабының» болашағы зор. Енді облыстық әкімдікте Қарағандыда дүниеге келген «ақылды» элементтерді бүкіл аймаққа тарату міндеті тұр, – деді Бағдат Мусин.

Министр, сонымен қатар, Урбанистика орталығының жобаларымен танысты. Қалаға олардың жұмысы мен қызметкерлерінің шығармашылығы қажет екенін атап өтті. Осы орайда, қала басшылығы, тұрғындар арасында тығыз ынтымақтастық орнауын тіледі.

Қарағанды IT-хабы екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – акселерация бағдарламасы. Ол бастапқы кезеңде стартаптардың дамуын жеделдету процесіне бағытталған. Екіншісі – неғұрлым жалпыланған бағдарлама инкубация. Мұнда қатысушыларға мүмкіндіктер көбірек. Білім базасына қол жеткізу, сарапшылардың кеңестері, инвестицияларды тартуға көмек беріледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button