Жаңалықтар

«Ішпейтін етікші» немесе шебердің арманы

Виталий Саврей – үшінші топтағы мүгедек. Мүмкіндігім шектеулі екен деп бос отырған ол жоқ. Ол аяқ киім мен былғарыдан жасалған бұйымдарды жөндеумен айналысады.

Сурет: кейіпкердің мұрағатынан

Ер адам 10 жыл бұрын цемент өндіретін кәсіпорында жарақаттанған. Аяғы тасымалдау станогына ілініп кетіпті. Жарадар аяқты сақтап қалу мүмкін болмады. Ұзақ уақыт бойғы оңалтудан соң Виталий жаңа кәсіп – етікшіліктің қыр-сырын меңгерем деп шешті.

«Ең қиыны аяқ киімді толығымен бөлшектеп, жаңалау. Әдетте жұмыс барысында етіктің өлшемі өзгеріп кетіп жатады. Соған қарамастан, жұртшылыққа кепілдік беріп жұмыс жасаймыз»,– дейді қала тұрғыны.

Виталий өзінің шеберханасын «Ішпейтін етікші» деп атапты. Етікші біткеннің бәрі маскүнем емес дегенді аңғартқысы келген болса керек. Дүңгіршегін Теміртаудың 8-ші шағынауданына орналастырды. Өз ісін бес жыл бұрын ашқанымен, жақын болашақта шағын бизнесін кеңейтуді армандайды.

Бүгінгі таңда етікшілік сұранысқа ие. Қолайлы баға, ең бастысы, сапалы және уақытылы жасалған істің клиенттер санын көбейтуге себі тиген.

«Бұл шаруада аяқтың қажеті шамалы. Отырасың да жұмыс жасайсың. Мүмкіндігім шектеулі болғанымен, ешқандай шектеу сезінбеймін. Мүгедектіктің үшінші тобы бойға аз-кем медеу. Өйткені, ай сайын әйтеуір қаражат түсіп тұрады. Жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, артық уайым мен сарсаңға орын қалмайды. Бастысы, ерінбей еңбек ету», – деп санайды Виталий.

Өзіңе деген сенім, табанды еңбек. Виталийдің бүгінгі жетістігінің құпиясы осы. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға күдерін үзіп алмай, мақсатына жету үшін жігерді жасытпауға кеңес береді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button