Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Қазақстанда жол қозғалысын бақылау цифрлық технологиялардың көмегімен күшейтіледі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев мәлімдеді.

Полиция жол ережесін бұзушылықтарды анықтау үшін дрондар, патрульдік көліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау және лазерлік жүйелерді қолданады.
Дрондар жолдағы заң бұзушылықтарды әуеден тіркеп, қауіпті жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Мобильді кешендер көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты арттыру және маневр жасау ережелерін бұзуды анықтайды.
Ал орташа жылдамдықты бақылау жүйесі республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта жұмыс істейді.
ІІМ мәліметінше, бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



