Аймақ

Ішкі істер министрі Қарағанды облысының белсенді тұрғындарымен кездесті

Қарағандыда облыс активімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуде ішкі істер министрі Марат Ахметжанов полицияны трансформациялау мәселелерін талқылады.

Кездесуде ІІМ басшысы қарағандылық тұрғындарға облыс полициясының жаңа басшысы Санжар Әділовті таныстырды. Шара барысында полиция жұмысын трансформациялау мәселесі талқыланды. Ведомство бастығы бұл міндет Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасында көзделген міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Министр кездесу барысында полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемаға бағдарланған тәсілмен қызмет көрсету элементтерін енгізу, қағазбастылықтан арылту және оңтайландыру, сондай-ақ полицияның қызметін цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар ол елдегі полиция жұмысының сервистік моделін енгізу туралы айтты.

Атап айтқанда:

– қауіпсіздік мәселелерін анықтау және шешу бойынша полиция мен билік органдарының және халықтың бірлескен жұмысы барысында көрсетілетін ұжымдық сервис;

– полиция жұмысы кезінде өтініш берушілермен, жәбірленушілермен және құқық бұзушылармен жеке сервис талқыланды.

Марат Ахметжанов министрліктің басты назарында азаматтардың қауіпсіздігі және полицияға деген сенімі екенін атап өтті. Бұл халықтың пікірін үнемі зерделеуге және оны ескере отырып, жұмысты жетілдіруге мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті. Министр әрбір қызметкердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған полицияның процессуалдық қызметінің жүйеішілік өзгерістері мен реинжинирингіне жеке тоқталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button