Аймақ

Өңірде 8 сәуірден бастап көктемгі аң аулау маусымы ашылады

8 сәуірден бастап Қарағанды облысында бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулаудың көктемгі маусымы ашылады.

8–22 сәуір аралығында Шет және Ақтоғай аудандарында, сондай-ақ “Айнабұлақ”, “Құланөтпес”, “Самарское”, “Есен”, “Киевское”, “Пржевальское”, “Черниговское”, “Құмкөл”, “Байсал”аңшылық шаруашылықтарында аң аулау маусымы басталады.

15–29 сәуір аралығында аң аулау Осакаров, Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы және Абай аудандарында басталады.

Аңшылардың аң аулауға: жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы болуы қажет.

Оқ қаруымен аң аулау кезінде – азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсаттама болуы шарт.

Жануарларды мерзімдер мен түрлеріне сәйкес қатаң белгіленген жерлерде аулауға болады. Бұл жағдайда фауна тұрғындарының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту үшін жануарлар әлеміне мұқият болу керек. Сондай-ақ, оқ қаруымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Рұқсат ету құжаттары болмаған, аң аулау ережелерін сақтамаған, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін заңсыз аулау іс-әрекеттері браконьерлік фактор болып табылады, ол үшін құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button