Өңірде 700 студентке арналған жатақхана құрылысы салынуда
Аймақта – сегіз жоғары оқу орыны бар. Былтыр жоғарғы оқу орындарында білім алған студенттердің саны – 28 мыңнан асқан. Сол оқу орындарына 10 мыңға жуық студентті қабылдайтын 29 жатақхана тиесілі. Алайда, өңірде жатақхана тапшылығы әлі де бар. Осы мәселені шешу мақсатында биыл тағы 700 білім алушыға арналған екі жатақхана құрылысы басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұловтың қатысуымен студенттік жатақхана және басқа да студенттің мәселелерін пысықтау мақсатында арнайы жұмыс кеңесі өткізілді.
Айта кетейік, өңірдегі жатақхана тапшылығын жою мақсатында 2020 жылы үш жеке меншік студенттік жатақхана ашылған болатын. Соның нәтижесінде жатақхана тапшылығы 40%-ға төмендеген.
Биыл 2025 жылға дейін Қарағандыда 700 орынды тағы екі жатақхана ашылады деп күтілуде. Біріншісі, Е.Бөкетов атындағы қарағанды университетінде ашылатын 500 орынды жатақхана. Бұл ғимарат келер жылы толық қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Ал, екіншісі Қарағанды медицина университетіне тиесілі. Бұл жатақхана бір мезгілде 200 студентті қабылдай алады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz