Жаңалықтар

Өңір экологиясы назарда

Биыл облыста 4 бірдей елді мекен Қазақстандағы ең лас өңірлер қатарына енді. Бүгінде өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған аймақтың экологиялық жағдайы жергілікті экологтарды алаңдатып отыр.

Мәселен, өткен жылы аймақтағы ірі кәсіпорындар 600 мың тоннаға жуық өндіріс қалдығын ауаға бөлген. Алайда, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда, 3 мың тоннаға аз. Бұған біріншіден, зауыт-фабрикалардағы өндіріс қуатының құлдырауы себеп болып отыр. Десек те, кейбір алпауыт кәсіпорындар зиянды қалдықтарды сүзгіден өткізетін заманауи қондырғылар орнатқан. Енді биылдан бастап облыстың экологиялық ахуалын жақсарту үшін 3 жылдық кешенді жоспар қолға алынбақ. Ол бірнеше бағыт бойынша жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, кешенді жоспарда облыстағы бірқатар кәсіпорны онлайн түрдегі автоматтандырылған датчиктерді орналастыру қарастырылған. Бұл – ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемін, яғни, мөлшерден тыс асырды ма, асырмады ма, қадағалауға мүмкіндік береді.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button