Бас тақырыпЖаңалықтар

Интернет алаяқтар аймақ тұрғындарының 3,5 миллиард теңгесін жымқырған

Бұл туралы есеп беру жиынында облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті. Соңғы бір жылда полицейлер интернет-алаяқтық бойынша 1 982 қылмыстық іс қозғап, 200 эпизод бойынша 61 алаяқты қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

Сурет: mugalzhar.kz сайтынан

– Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге келетін болсақ, бұл жұмысты полиция қызметкерлері күнделікті жүргізеді. Осы жерде мен Киберпол бөлімшесінің жұмысын баса айтқым келеді. Оның қызметкерлері жаңа жұмыс дағдыларына көшті. Бұған екінші деңгейлі банктерден жедел ақпарат алу, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қаржы мониторингі агенттігі және прокуратурадағы әріптестерімізбен өзара әрекеттесу кіреді. Біз Орталық банкпен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз, Ұлттық банкпен де жұмысты жолға қойдық. Сонымен қатар, біз ірі қаржылық крипто биржаларының өкілдерімен жұмыс істейміз. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу көлемі 50 миллион теңгеден асты, – деді Санжар Әділов.

Сонымен қатар департамент бастығы интернеттегі алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері туралы да айтты. Азаматтарды алдаудың ең сүйікті жолы – банктен қоңырау шалу екен. Алаяқтар банктің қауіпсіздік қызметкері болып көрініп, адамдардан жеке мәліметтерін сұрайды немесе зиянды сілтемелер жібереді. Бұл деректер арқылы алаяқтар сенгіш азаматтардың шоттарынан ақша аударып алады екен.

– Бұл туралы көп айтылды. Түсіндіру және алдын алу жұмыстары да жүргізілді. Жақында ғана Қарағандыда алаяқтар туралы ескерту жазылған үш автобус жолға шықты. Көбінесе азаматтарымыз жалған нөмірлерден қоңыраулар қабылдап, интернет алаяқтарының құрбанына айналады. Оларға зиянды сілтемелер немесе бағдарламалар жіберіледі. Ешқандай жағдайда сілтемелерді басуға немесе түсініксіз бағдарламаларды жүктеп алуға болмайды. Құпия сөздерді немесе банк картасының ақпаратын бөліспеңіз. Алаяқтықтың бұл әдісі «фишинг» деп аталады. Қосымшаларды жүктеп алу және сілтемелерді орындау арқылы сіз қылмыскерлерге барлық шоттарыңыз мен депозиттеріңізге қол жеткізуге мүмкіндік бересіз, – дейді бас полицей.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button